Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ҚАНДАЙ ҚОЛДАУҒА ИЕ?

Биыл елімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтар» жылы жарияланғалы белгілі. Ұлттық статистика бюросының дерегінше былтыр елімізде еңбекке қабілетті адам саны шамамен 9,6 миллион адамды құраған. Соның ішінде 2 миллионға 300 мың бүгінде жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді екен.

Яғни, ауыл, елдің тазалығынан бастап құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларында осынша адам еңбек етуде. Міне, сол мамандардың мәртебесін көтеріп, ынталандыру бағытында жүйелі түрде жұмыстар қолға алынуда. Айталық, биылдан бастап техникалық және кәсіби білім беру колледждері мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық күшейтілуда.

Оған дәлел – Сағыз ауылындағы Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі мен «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы арасында жасалған меморандум. Аталмыш құжатқа сай, ақпан айынан бастап колледж студенттері «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында тағылымдамадан өтіп жатыр. Сондай-ақ, негізгі мемлекеттік органдар, яғни 13 министрлік жаңа кәсіпорындар құру, сапалы жұмыс орындарын ашу, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, кадрлар даярлауда колледждермен бірлескен жұмысты жолға қою бойынша кешенді шаралар көзделген «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу жөніндегі салалық жоспарларын әзірледі. Аталмыш жоспарға сай кәсіпорындармен бірлесіп ел мектептерінде 1000 бейінді сынып ашылады. Одан өзге аймақтардағы кадрға қажеттілік ескеріле отырып, барлық өңірде «Жаңа кәсіптер атласы» әзірленіп, «Жас маман» жобасы аясында 180 мемлекеттік колледж заманауи оқу құралдарымен жабдықталады. «Жұмысшы мамандықтары» жылындағы тағы бір жаңалық – еңбек адамдарына көрсетілетін «Еңбек сіңірген құрылысшы», «Еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері», «Еңбек сіңірген геолог», «Еңбек сіңірген кенші» сияқты мемлекеттік наградалар беріледі.

Дулат МӘТЖАН

Қызылқоға ауданы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT