Атырау қаласының Жұлдыз шағынауданында орналасқан орталық саябақта көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Бұл жұмыстар қала тұрғындарының ұсыныс-тілектері негізінде жүзеге асуда. Қазіргі таңда саябақ аумағына биіктігі 3-4 метр болатын, жасы 5 жылдық 368 түп шаған отырғызылуда. Бұл ағаштар арнайы өсімбақтарда өсіріліп, кәсіби күтімнен өткен. Шаған ағашы көрік беріп қана емес, ауаны тазартып, қаланың экологиясын жақсартуға ерекше үлес қосады. Жұлдыз шағынауданындағы орталық саябақ 2024 жылдың 16 желтоқсанында пайдалануға берілген. Саябақта заманауи қос футбол алаңы, 1 волейбол, 1 баскетбол, 2 спорт және балаларға арналған 2 ойын алаңы бар. Ойын алаңының мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолайлы етіп жасақталғанын да айта кетейік.