Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев «DANMARD» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат олармен еңбек адамының рөлін арттыру және елдегі жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі мәселелерін талқылады.
«DANMARD» ЖШС әскер мен өрт сөндірушілерге киім тігеді. Кәсіпорын бүгінде өз өндірісін дамытуда және жетілдіруде. Кездесуде кандидат өзінің сайлауалды науқаны аясында еңбек адамының рөлі мен маңыздылығын арттыруға қол жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Жигули Дайрабаев сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыстардың әділ бөлінуі тиіс екеніне тоқталып, ұлттық және квазимемлекеттік компаниялар тек импорттық тауарларды сатып алатынын атап өтті. -Елімізде жеңіл өнеркәсіп, онымен айналысатын жеке бөлім жоқ. Бұл үлкен қателік. Экономиканың осы саласын жандандыру және дамыту үшін ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін үлкен көлемде сатып ала алатын ҚТЖ-ның бүйрегі импортқа бұрып тұрады. Нарықтық экономиканың өз заңдылығы бар, түсінеміз, бірақ бізде отандық өнеркәсіп басымдыққа ие болуы керек. Сондықтан мен барлық қазақстандықты өз өнімдерімізді қолдауға шақырамын», – деді кандидат. Сонымен қатар Жигули Дайрабаев өңірлерде жеңіл өнеркәсіпті дамытуды ұсынды. «Өңірлерде, әсіресе ауылдық елді мекендерде жұмыс күші мол. Ауылдарда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыта отырып, біз көптеген мәселені шешіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етер едік», – деді Жигули Дайрабаев. Кездесу соңында кандидат қызметкерлердің өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы қойған сұрақтарына жауап берді.
Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі