Қызылқоға аудандық сотында, 2023 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар мен жаңашылдықтарды, істердің сотқа түсу, қаралу көрсеткіштерін саралау барысында, соттың ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттап, жергілікті «Қызылқоға» газетінің бас редакторы Б.А.Сисеновтың қатысуымен брифинг шарасы өткізілді.
Аудандық сот төрағасы А.Е.Байназаров брифингті ашып, 2023 жылдың 12 айындағы қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің сотқа түсу көрсеткіші, кейбір өзекті тақырыптардағы сотқа көп деңгейде түскен істер санаттары жөнінде статитсикалық деректерге тоқталып, олардың қаралуы, көбею салдары мен себептері жөнінде кеңінен айтып жеткізді.
Сонымен қатар, сот төрағасы азаматтық істерге татуластыру рәсімдерін қолданудың маңыздылығын, бұл тұрғыда «Татуластырушы судья» жобасының тиімділігіне тоқталып, мәселен 2023 жылдың 12 айында азаматтық істер бойынша 64 іс тоқтатылған болса, соның 63-і, яғни 99,9%-і медиация тәртібімен тоқтатылғанын, 1-уі бітімгершілік келісіммен аяқталғанын, ал 2022 жылы тоқтатылған 46 азаматтық істің 46-сы медиация тәртібімен тоқтатылғанын, сонда биыл медиацияны қолдану деңгейі былтырғымен салыстырғанда 18 іске, яғни едәуір деңгейге артып отырғанын айтып жеткізді. Аталған мерзімде сотқа түскен азаматтық істердің басым бөлігі отбасылық қатынастардан туындайтын неке бұзу, алимент өндіру жөніндегі және банктік келісім шарттардан туындаған несие берешектерді өндіру туралы азаматтық істер болса, ал, әкімшілік құқық бұзушылық істерден алкоголдік масаң күйде көлік жүргізгендер мен отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық істер екеніне, ал қылмыстық істерден мал ұрлығына қатысты істер екеніне баса назар аударылды.
Бұдан басқа, істердің апелляциялық сатыда қаралу көрсеткіштері, заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар, басқа да аудандық сотпен сот жүйесін ақпараттық сүйемелдеу бағытында атқарылған қоғамдық жұмыстар мен БАҚ бойынша жұмыстары кеңінен әңгімеленді. Ең бастысы, 2023 жылдың 12 айында сот үкімдері мен шешімдерінің, қаулыларының күші жойылуына жол берілмегеніне ерекше назар аудартты.
Шара барысында, басқа да сот жұмысына қатысты өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасулар болып, орын алған кейбір сауалдарға сот төрағасымен тұшымды жауаптар беріліп, заң тұрғысынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қызылқоға аудандық
сотының баспасөз қызметі