Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 30 қаңтар мен 15 ақпан аралығында жер учаскелерін бизнеске бөлу және олардың қолжетімділігі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, сондай-ақ бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу (желілерге қосылу) жөніндегі мәселелерге сыртқы талдау жүргізеді.
Талданып отырған сала халық үшін өзекті болып табылатынын ескере отырып, белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы мәліметтерді электрондық мекенжайларға жіберуді сұраймыз
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
фото Жайық Престен алынды