Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жеке куәлігіңіз жоғалса...

Кейде жеке куәлік сияқты маңызды құжаттарды әмиянымен бірге жоғалтып алып, ыңғайсыз жағдайларға тап болып жэатамыз. Ондай жағдайда қайтпек керек?

Ең алдымен сіз Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес (492 бап Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру), Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен үш айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұруы – ескерту жасауға, үш айдан астам мерзімде – 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы білуіңіз қажет.

«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басын куәландыратын құжаттары жоғалған немесе ұрланған жағдайда жаңа құжаттарды алу үшін тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация» КЕАҚ (ХҚКО) жүгінеді. Алдын ала мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Бірыңғай Call-орталығына 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалып, ұсынуға қажетті құжаттар тізбесін білуге болады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлікті жоғалтқан кезде қалпына келтіруге арналған құжаттар пакеті:

- Жеке куәлікті жоғалту мән-жайларын көрсете отырып, оны қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш;

- Мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;

- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (бар болса).

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлікті ұрланған кезде қалпына келтіруге арналған құжаттар пакеті:

- Құжатты ұрлау немесе ұрлау туралы арызды қабылдаған қылмыстық қудалау органының (аудандық полиция бөлімі) талон-хабарламасы;

- Мемлекеттік баж төленгені туралы құжат (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады);

- Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса).

Жеке куәлікті беру 15 жұмыс күн алады, бірақ азаматтың қалауы бойынша қызмет жедел көрсетілуі мүмкін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT