Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жолдануда.
Атап айтқанда, Департаментпен тексеріс кезінде жергілікті атқарушы органдармен тракторларды және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары кепілде жоқтығы туралы анықтама берілетіндігі анықталып, Агенттікке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу бойынша ұсыныс жолданды.
Өз кезегінде, ұсыныс қолдау тауып, жасырын қызмет тізілімге енгізіліп, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет ретінде көрсетілуде.
Сонымен қатар, «Көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау» және «Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызметті алушының балаларының оқу орнынан анықтама беру қажет болған.
Сәйкесінше, Департаментпен Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің ақпараттық жүйелерімен анықтамалар беруді интеграциялау туралы ұсыныс жоланып, қазіргі таңда қызмет көрсетушімен аталған құжат сұратылмай қызметтер көрсетілуде.
Атап өту қажет, Департаментпен жолданған ұсыныстардың
он екі ұсыныс қолдау тапты.