Өңірдегі жастар үшін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Аталған шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, жастарға мемлекеттік қызметке орналасу бойынша бағыт-бағдарлар ұсынды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке орналасудағы мүмкіндіктер, яғни үздік түлектерді конкурссыз тағайындау тәртібі баяндалып, саладағы жаңашылдықтар мен өзгерістер хабарланды.
Шара барысында мемлекеттік қызметке орналасу, тест тапсыру, бос лауазымдар жарияланатын ресми интернет-ресурстар, конкурсқа қатысу тәртібі бойынша арнайы брошюралар таратылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті