Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жастарға қолдау - жарқын болашаққа жолдау

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында жастарға қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екендігін баса айтқан болатын.

Себебі, жастар - мемлекеттің негізгі күші, ертеңгі жарқын болашақтың кепілі.

Қазақта “Болам деген баланың бетін қақпа,белін бу”, - демекші, қазіргі таңда жастарға мемлекет тарапынан қолдау көп. Өз кәсібін дөңгелеткісі келген белсенді жасқа мемлекет тарапынан түрлі несиелер берілуде. Атап айтқанда, 2,5 пайыздық несие арқылы бірқатар жас жеке кәсібін бастап,ауданда кенже қалған бірқатар салалардың алға басуына бір кісідей ат салысып жүр. Соның ішінде жылыжай салу арқылы көкөніс түрлерін өсіріп, ауылшаруашылық саласы алға басуда десек артық айтпаймыз.

Одан бөлек,жастарды жұмысқа орналастыру үшін алғашқы жұмыс орны, жастар тәжірбиесі сынды бірқатар жобалар да іске асып отыр. Осылайша, кез келген жас маман жұмысқа орналасып, кәсібінің несібесін көруде.

Сондай-ақ қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында ауданда “Қарыссыз қоғам” жобасы да үздіксіз іске асып келеді. Аталмыш жоба арқылы бірқатар жас жеке бизнес ашар алдында қаржылай сауатты болу керектігін білді.

Алдағы уақытта да жастарға мемлекет тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіліп, олар еліміздің дамуына сүбелі үлес қосады деп ойлаймын.

Айбол Долдашев,

аудандық “AMANAT” партиясы филиалының атқарушы хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT