Бүгін «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық сайлауалды штабының мүшесі Сайын Қуанышев «Zoom» конференциясы арқылы аудан жастарымен онлайн кездесті. Оған аудандағы белсенді жастар мен партияның аудандық сайлауалды штабының мүшелері қатысты. Кездесу барысында сөз алған Сайын Қуанышев: – Қашанда, елдің жарқын болашағы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартауды көздейтін «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында жастар мәселесін де назардан тыс қалдырған емес. Мәселен, алдағы бес жылда жоғары оқу орындарындағы білім беру гранттарын 50 пайызға дейін көбейтіп, шәкіртақыны екі есе өсіру жоспарда бар. Сондай-ақ, алдағы уақытта жастарды қоғамдық өмірге тарту, ерікті жастарды қолдау, «Менің алғашқы жұмыс орным» жобасы арқылы 5 мың жасқа жұмысқа тауып беру, «Жасыл ел» еңбек жасағының санын арттыру, жас отбасыларды баспанамен қамту сынды бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылатын болады, – деді. Онлайн кездесуде сөз алған белсенді жас Гаухар Шоқан жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін қозғап, сауал жолдады. Бұдан бөлек, кездесуде сапалы білім беру, мұғалімдер мен шәкірттерді қолдау, спортты дамыту сынды мәселелер сөз болып, әр сауалға тұщымды, тиянақты жауап берілді. Шара соңында облыстық сайлауалды штабының мүшесі жастарды 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді түрде қатысып, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды. «Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.