Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жастар кандидаттың сайлауалды бағдарламасын талқылады

     «BIR TOLQYNDA» диалог алаңының кезекті отырысында жастар белсенділері Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады.

index03        «Жастар Рухы» белсендісі Аида Қалуова Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру және жастар саясаты саласындағы бастамаларына баса назар аударды.
     «Жастардың проблемаларын өздерінен артық ешкім білмейді. Сондықтан олардың өзекті мәселелерін шешуде сіздердің пікірлеріңізді елемеуге болмайды. Сапалы білім – жастардың табысының, елімізді алға жылжытатын талантты мамандардың қалыптасуының кепілі. Қазақстандық жастардың өздерін ең белсенді сайлаушылар ретінде көрсететініне сенімдімін», - деді ол.
     «Жастар Рухы» жастар қанатының елордадағы филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұмның пікірінше, жастардың өзін-өзі тануы үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасалуы тиіс.
    «Жастардың алдағы президенттік сайлауға деген қызығушылығы олардың ел ісіне араласуға дайындығын, сайлау процестеріне деген өзіндік көзқарасы қалыптасқанын көрсетеді. Дауыс беру құқығы үлкен жауапкершілік екенін түсіну маңызды және таңдау импульсивті эмоционалды шешім емес, саналы және ұтымды болуы керек», – деді ол.
      Айта кету керек, «Bir Tolqyndа» диалог алаңының отырыстары еліміздің барлық өңірінде өтті.

Халықтық коалицияның

баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT