Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жасотанда жаңа хатшы

Жақында «NurOtan» аудандық филиалы «JasOtan» жастар қанатының кезектен тыс Х конференциясы өтті.

Оны ашып жүргізген «NurOtan» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов кезектен тыс конференцияның күн тәртібімен таныстырды.

– Күн тәртібіне «JasOtan» жастар қанатының атқарушы хатшысын, аудандық ұйым кеңесінің құрамын сайлау ұсынылып отыр. «JasOtan» жастар қанатының атқарушы хатшысы Қуанышбек Кәрімнің басқа жұмысқа ауысуына байланысты бос тұрған орынға хатшы сайлауымыз қажет. Бұл қоғамдық негізде атқарылады, ақы төленбейді. Алайда одан жауапкершілік төмендемейді. Бұл аталмыш лауазымға аудандық партия филиалы төрағасының, облыстық «JasOtan» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Нұрбол Бижанов кандидатурасын ұсынамын, -деді Альберт Аққайнанов.

Ұсынылған кандидатура бірауыздан қабылданып, Нұрбол Бижанов аудандық жастар қанатының атқарушы хатшысы болып сайланды.

{Содан соң кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп, аудандық ұйымның Кеңесіне он бір адам бекітілді. Конференция соңында Қаулы қабылданып, хатшылыққа сайланған Нұрбол Бижановтың жұмысына сәттілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521