Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жасұлан БИСЕМБИЕВ: «Тасқын судан қорғану қарқынды жүруде»

Бүгін облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабта брифинг өткізген Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Атырау қаласындағы судан қорғану жұмыстарының қарқынын атап көрсетті.

«Қазір Жайық өзеніне жоғарыдан келетін су деңгейі төмендеп келеді. Қазір дамбы соғу желісі қалыптасты. Бұл жұмыстар толық қадағаланып отыр. Бұған дейінгі тәжірибелер көрсеткендей, су бөгеттердің әлсіз бөлігін бұзып кетеді. Тек Атырау қаласының өзінде 600 техника бар, олар бөгет тұрғызу жұмыстарын аяқтаған соң қауіпті учаскелерді биіктетуге жұмылдырылады. Қаладағы инфрақұрылымдық учаскелер де бақылауға алынған. Мысалы, теміржол және автокөлік жолдары да тасқын судың қарқынын бәсеңдетуге көп септігін тигізеді. Сондықтан, «Жайықтың суы бір мезгілде құйылып келіп, қаланы басып қалады» деп байбалам салуға еш негіз жоқ. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы да жүйелі түрде ұйымдастырылып, әр учаске қадағаланып отыр», - деді Ж.Бисембиев.

Айта кетейік, Махамбет ауданы бойынша судан қорғану бөгеттерін тұрғызуға 230 қызметкер, 3500 ерікті, 208 техника жұмылдырылған.

Ал Индер ауданы бойынша бұл жұмысты арнайы 82 техника, 632 қызметкер мен ауыл азаматтары жасап жатыр. Жаға бекіту жұмыстарын Атырау қаласында 820 техника, 2255 мемлекеттік мекеме қызметкерлері, барлығы 3354 ерікті жүзеге асыруда.

Атырау облысы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

t.me/ insta/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT