Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жасанды интеллект – құрал, бірақ білімнің орнын баспайды

Премьер-министр Олжас Бектенов «Алты жылдық прогресс: Қазақстан тұрақты даму жолында» атты мақаласында цифрландыру мен жасанды интеллект ел экономикасының өсуінің негізі болуы керек екенін атап өтті. Бүгінде «Цифрлық отбасы картасы», «Әлеуметтік әмиян» сияқты ірі жобалар іске асырылып, Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылуда. Бұл мемлекет технологиялық дамуға және инновациялық шешімдерді енгізуге басымдық беріп отырғанын дәлелдейді.

Білім беру жүйесінде де ЖИ-дің рөлі күннен-күнге артып келеді. Біздің колледжде оқу үдерісін ыңғайлы әрі тиімді ету үшін цифрлық платформалар қолданылады. Мысалы, Examica автоматты түрде тесттер құрастырады, ал Fliki.ai қажетті материалдар ашық қолжетімді болмаса, оқыту видеоларын жасауға мүмкіндік береді. Алайда жасанды интеллект – мұғалімнің орнын басатын құрал емес, ол тек оқу процесін жеңілдететін көмекші ресурс. Студенттердің пәнді терең түсінуі мен білімін толықтыру үшін оқытушының рөлі өте маңызды.

Білім берудің басты мақсаты – студенттерге тек ақпарат беру емес, оларды сыни ойлауға, деректерді талдауға және алған білімдерін практикада қолдануға үйрету. ЖИ шешім табуға көмектесе алады, бірақ тұлғалық тәжірибе, пікірталас және оқытушымен тікелей байланыс оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып қала береді.

Қазақстан цифрлық болашаққа қадам басуда, бірақ технологиялардың дамуы білім сапасын арттырумен қатар жүруі тиіс. Жаңа құралдармен жұмыс істей алатын және оларды ел игілігі үшін пайдалана білетін білікті мамандар ғана елдің технологиялық прогресінің негізін қалайды.

Мейрамгүл Тұқпатова
С.Мұқашев атындағы Атырау жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы

Фото freepik

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT