Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жасөспірімді тәрбиелейтін – телефон

Жаңаршаруа орта мектебінің жалпы ата-аналар жиналысы «Самал» мәдениет үйінде өтті. Оған аудандық әдістемелік орталықтың әдіскері Злиха Беркенова, ауылдың учаскелік полиция инспекторы, округ әкімдігінің бас маманы, мектеп медбибісі мен ата-аналар қатысты. Жиынды ашқан мектеп директоры Абат Рашқалиев мектеп пен ата-ана байланысы бағытында жасалған жұмыстарды айтып берді.

image_l
Бұдан кейін мінберге көтерілген ауылдың учаскелік полиция инспекторы Қайырбек Камаледенов: «Қазіргі таңда ауылда мотоцикл айдайтын оқушы көп. Былтыр балаларына мотоцикл берген 30 ата-ана, биыл 28 ата-анаға ескерту бердік. Бірақ, соның өзінде тыйылар емес. Мотоцикл өте қауіпті көлік екендігін де ескертіп келеміз. Бәрібір тыңдамайды» деп мәселе көтерсе, Көздіғара округ әкімдігінің бас маманы Сандуғаш Қазиева балалардың жолда жүру ережесін дұрыс сақтауы керектігін айтып өтті.  Бұдан кейін сөз алған мектептің ата-аналар кеңесінің төрағасы Мәди Мұратов:
 – Қазіргі таңда, баланы тәрбиелеп отырған құрал – телефон. Мойындау керек көбіміз баланың телефонда не қарайтындығын, кіммен сөйлесетіндігін білмейміз. Бар білеріміз «Бала тыныш болсын» деп қолына телефон береміз де, өз шаруамызбен кете береміз. Бірақ, бұл қате. Содан барып баланың көзі ауырады, ішіндегі теріс ақпараттарға санасы уланады. Сондықтан ата-аналар телефонға мұқият болайық. Айтпақшы, бұл мәселенің екінші жағы да бар. Баланың қолынан телафонды алып, далаға шығарсақ ауылда ойнайтын, балалар бас қосатын жер жоқ.  Міне, осы мәселеге баса назар аударып, ауылға спорт және ойын алаңын салған дұрыс, - деді. Жиынды қорытындылаған мектеп директоры Абат Рашқалиев сабақ уақытында балаларын қой кезекке жіберетін ата-аналар бар екендігін, бұл баланың сабақ үлгеріміне кері әсер ететіндігін, сондықтан бала болашағына алаңдайтын барлық ата-ана осы мәселеге қатаң қарау керектігін айтып өтті.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

СУРЕТ: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521