Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жасқайрат ауылында мешіт құрылысы бой көтеруде

Бірнеше айдан бері ауданда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық бағыты бойынша, "Қызылқоға - құтты мекенім" қайырымдылық қорының бастамасымен мешіт салу құрылысы жүзеге асырылуда.

- Алла елшісі (с.ғ.с.) хадисінде: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды», - деп өз үмбетін сүйіншілеген екен. Бұдан асқан қандай бақыт бар? Ауданымызда ислам діні өркендеп, игілік пен ізгілікке ұмтылғандар саны күн санап көбейіп, ай сайын толысып келе жатқаны көңіл қуантады әрине. Алла үйі әрбір мұсылманның тіреуі деген. Мешіт - мұсылман бауырларымыздың Алла Тағалаға құлшылық, ғибадат қылатын орын. Осы орайда, Ойыл ауылдық округімен қатар Тасшағыл ауылдық округіне де мешіттің қазығын" Бисмиллә" деп қаққан болатынбыз. Алла берекесін, жеңілдігін берсін баршамызға. Осы мешіттің бой көтеруіне жәрдемдесіп жатқан бауырларға "Қызылқоға - құтты мекенім" қайырымдылық қоры атынан алғыс білдіре отырып, барша қызылқоғалықтарды сауапты іске ат салысуға шақырамын, - дейді аталмыш қордың төрағасы Ризабек Амантайұлы.

Ендеше, бізде аудан еріктілерінің осынау сауапты ісіне сәттілік тілейміз!

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521