Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАРЫҚ НЕГЕ ӨШЕ БЕРЕДІ?

4 шілде күні «Атырау Энерго» ЖШС-нен Сағыз ауылының жарығы ұзақ уақытқа (Профилактика күні) сөнді. «Келесі күні де солай», – дейді Сағыз теміржол электр жүйесінің кезекшісі. Күн болса 27-30 градус ыстық. Тоңазытқыштағы азын-аулақ тамақ істен шықты. Ал, кәсіпкерлердің дүкендеріндегі тамақтар не күйде? Айту қиын. Бұл тек жаз кезіндегі жағдай. Ертең қыс айларында күн 20-30 градус суық болғанда халықтың жағдайы қалай болар екен? Үйлері суықтап кетсе (насос жасамай) қайтеміз? Бұрын біз қызмет етіп жүргенде осындай табиғи жағдайларға байланысты «Атырау-Жарық» мекемесінен басқа Батыс Қазақстан облысынан берілетін екінші ток көзі бар еді. Бірақ, ол Мақат ауданындағы теміржол жүйесінен 10 киловат электр желісі тартылады деп алынып тасталды. Ол әлі жүзеге аспай жатыр. Соны облыс, аудан, ауыл басшылары қайтадан жандандырса нұр үстіне болар еді деген үміттеміз.

Сағыз ауылының тұрғындары атынан Әлден ТОҚСАНБАЙ, зейнеткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT