Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жарты миллионнан астам адам мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алады

Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 175,8 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Оның ішінде 2022 жылдың мамыр айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27,7 млрд теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы төлеуге 8,2 млрд теңге жұмсалды.

1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 528,9 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 180,1 мыңға жетті.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және қайтыс болған асыраушының асырауындағы адам санына, «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 52 318 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 45 906 теңге.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521