Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жайық өзенінде су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған коммуналдық кәсіпорын құру қажет

Бұл туралы парламенттік тыңдау барысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлім етті.

Бүгін Мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары» тақырыбында парламенттік тыңдау өтті.

Серік Шапкенов өз сөзінде жедел қарауды талап ететін бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтті. Олардың қатарында Көкжиде тұщы су кен орнының қорларын пайдалану бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу бар. Сондай-ақ, ол Ресей Федерациясымен бірлесіп Ириклин су қоймасының жұмыс режимін қарастыруды ұсынды. Жыл сайын жаз айларында 200 млн. текше метрден су тасталатынын ескере отырып, су тасқыны өткеннен кейін маусым айының ішінде 60% ең жоғары су өткізуді жүзеге асыру ұсынылады, одан әрі шілде және тамыз айларында 20% болмақ. Әрі қарай, су ресурстарын тазарту және ластану мүмкіндігін болдырмау үшін өзендерді батып кеткен үлкен заттардан тазарту қажет. Бүгінгі таңда 27 бірлік бар. Бұл кемелер, баржалар, сорғы станциялары, понтондар және т. б.

- Атырау облысының аумағында гидрологиялық режимді жақсарту және өзендердің сулылығын арттыру үшін су түбін тереңдету жұмыстарын тұрақты жүргізетін коммуналдық кәсіпорын құру қажет деп есептейміз, - деді Серік Шәпкенов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT