Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – әр балаға қолайлы жағдай жасап, сапалы білім алуға мүмкіндік беретін маңызды бастама.
Бұл жоба ауыл мен қала мектептерінің тең дамуына жол ашады. Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесінің шешілуі – сапалы білім берудің басты кепілі. Ауыл мен қала мектептерінің арасындағы айырмашылықтың азаюы – тең мүмкіндік пен әділдік қағидасын жүзеге асырады. Жас ұрпақтың жан-жақты білім алып дамуы үшін барлық жағдай жасалып жатырғаны қуантады.
Рысгүл Қайратқызы, мұғалім