Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Жайлы мектеп» Білім сапасын арттырудың кілті

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы еліміздегі мектептердің білім беру және тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттыратын ерекше жоба.

Заманауи білім беру, тәрбие беру және денсаулықты жақсартуға байланысты көптеген мәселелерді шешуге жағдай жасалған. Мысалы, бір мектепте төрт спорт залдың, робототехникаға арналған толық жабдықталған кабинеттердің болуы білім беру мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары ерекше қарастырылған. Мұндай жағдайлар ұстаздардың еңбегін жеңілдетіп, білім сапасын көтеруге зор мүмкіндік береді. Көп қаржы жұмсалғанымен, бұл болашаққа жасалған аса құнды инвестиция деп білемін.

Қорыта айтқанда, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – еліміздің білім беру саласындағы үлкен серпіліс. Бұл жоба тек жаңа мектептер салу ғана емес, білім сапасын жақсартуға, оқушылардың жан-жақты дамуына және қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына бағытталған. Болашақ ұрпақтың саналы, бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы үшін жасалған бұл қадам – еліміздің жарқын болашағына салынған маңызды инвестиция. Ендеше, осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, сапалы білім мен тәрбиенің жаңа деңгейіне көтерілу баршамыздың ортақ міндетіміз.

 

Ерболат НАСИМУЛЛИН,

ардагер ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT