Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жабырқаулы көңілдерге құрмет көрсетті

Жақында «Арман» мәдениет үйінде мүгедектер күніне орай салтанатты жиын өтті.

Онда алдымен сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков барша мүмкіндігі шектеулі жандарды аудан әкімі атынан атаулы мерекемен құттықтап, зор денсаулық тіледі. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықов аудандық мүгедектер қоғамының төрағасын сайлау туралы ұсыныс білдіріп, жиналғандардың бірауыздан қолдауымен Бақтығұл Тәжіғали төраға болып сайланды.

Жаңа төрағаға сәттілік тілеген бөлім басшысы алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Жиын одан әрі марапаттау рәсімімен жалғасып, онда Света Жолымбетова, Қайрат Жолдыбайұлы, Сүйеуғали Салахиұлы, Асхат Бергарин, Сапура Көшероваларға аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлық табыс етілді.

Сондай-ақ, мерекеге орай аудандағы барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жиырма мың теңге көлемінде бір жолдық жәрдемақы берілді.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT