Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа жүйенің жаңалығы

Бүгінде аудандарда ғана емес, облыс орталығында да көптеген жұмыс жасалып жатыр. Мәселен, «Атырау облысы су арнасы» КМК-нда электролиздік су сүзгілеу қондырғысы пайдалануға берілген.

Хабарлы болғанымыздай, заманауи үлгіде салынған бұл станцияда суды тазарту үшін бұрынғы хлордың орнына гипохлорит қосындысы қолданылады екен. Сонымен қатар Атырау қаласында ескіріп, тозығы жеткен су құбырларын жаңарту жұмыстары қолға алыныпты. Тұрғындардың көптеп қоныстанып, көлемінің көбеюіне байланысты қала маңындағы ауылдардың тазартылған ауыз сумен тұрақты қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында типтік жобадағы су тазарту ғимаратының құрылысын салу жоспарға енгізілгенін естіп отырмыз. Әрине, тілге тиек еткеніміз ауқымды жұмыстардың бір бөлігі ғана.

Халықтың игілігіне қызмет көрсететін осындай инфрақұрылымдардың қатары жыл санап көбейсе, елдің де әлеуеті жақсара түсері сөзсіз.

Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ, еңбек ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT