Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАҒДАЙЫ НАШАР ОТБАСЫЛАРДЫҢ НЕСИЕСІ ҚАШАН ӨТЕЛЕТІНІ АНЫҚТАЛДЫ

Тұрмысы төмен азаматтардың кредиті мемлекет есебінен 1 қыркүйекке дейін өтеледі.

Қарызы бар азаматтардың жүктемесін азайтуға арналған қаулының жобасы бекітілді. Онда тұрмысы нашар және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредитінің 300 мың теңгесі 1 қыркүйекке дейін өтелуі тиіс деп жазылған. Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 15 шілдеге дейін борышкерлердің тізімін жасап, жалпы қарызын есептеуі керек. Кейін мәліметтерді Ұлттық банк тексеріп, Қаржы министрлігі проблемалық несиелер қорына ақша аударады, деп хабарлады КТК. Бұған дейін жұрттың берешегін жабу үшін шамамен 105 миллиард теңге жұмсалатыны айтылған еді.

ATpress.kz

Сурет: Ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521