Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАҢБЫРҒА ҚАРАМАЙ ДАУЫС БЕРУШІЛЕР КӨП

     Ауа райының жаңбырлы болуына қарамастан Жантерек елді мекенінің тұрғындары бастауыш мектепте орналасқан №163 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасауда.

    6036210e-c529-4a08-977a-35746559de3c     Солардың ішінде ұзақ жылдан бері теміржол саласында жұмыс жасап келе жатқан ерлі-зайыпты Жылқыбаевтар отбасы да бар. “Елдің жарқын болашағы үшін келіп таңдау жасадық. Барлық саяси науқанға да осылай жұбайыммен бірге келіп, қатысып жүрміз” дейді отағасы Мұқамбет Жылқыбаев. Сайлау учаскесінің төрағасы Гүлжауған Сұлтанованың айтуынша, елді мекенде барлығы 188 сайлаушы бар. Олардан бөлек “Сағыз Петролейум” мен “Грин Продакшн” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 29 қызметкері аталмыш учаскеге келіп, дауыс беруге өтініш берген.

Дулат Ғұбайдуллин

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT