Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа жұмыс күшін құру қажет

Жолдауды жүзеге асыру тек билікке ғана жүктелген міндет емес, қоғамға, соның ішінде кәсіпкерлерге де ерекше міндет жүктеліп отыр.

Қазір елдімекендерде жаңа жұмыс күшін құру міндеті тұр. - Шындығына жүгінер болсақ, экономикалық белсенді халықтың жартысынан көбі вахталық әдіспен мұнай-кен орындарында жұмыс жасайтын Қызылқоға ауданы үшін бұл өте маңызды сұрақ болып тұр. Ол үшін қолда бар мүмкіндікті саралай келе, ауданның ауылшаруашылығын, кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі жоспарлап отырмыз. Ауданда биылғы жылдың аяғына дейін бір тойхана, 4 дүкен құрылыстары салынып іске қосылып, 10 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Миялы ауылында 2016 жылы мал өнімдерін қабылдап өнім дайындайтын «Миялы» сервистік дайындау орталығы ашылса, 2017 жылы «Бірлік-Миялы» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі «Модульді мал сою» цехын іске қосып, жұмыс жасауда. «Абердун-Ангус» ЖШС 500 бас мал бордақылау кешенін салып (5 қора, 1 қойма, 1 жатақхана), кешенге газ, су тартылған.

Қазірде «Құрман» шаруа қожалығы 80 бас сиыр сауу, сүт өнімдерін өңдейтін кешен салуда. Бұл кешендер 2019-2020 жылдары іске қосылатын болады. Осы тектес аймақтарды барлық ауыл жанынан салатын болсақ, ауыл жастарын тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндігі бар. Президенттің жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасы да аудан үшін аса маңызды. Биылғы жылдың өзінде алынған шаралардың нәтижесінде ауданда игерілмей бос жатқан 21447 гектар жер телімі анықталып, оның 2000 гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Қалған жер телімдерін кері қайтару бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Азаматтарға алдыңғы және соңғы мәселелер бойынша тиісті түсінік жұмыстарын жүргізуді аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиевке тапсырамын, - дейді аудан әкімі Арман Баженов.

Дулат БЕРІК

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT