Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады?

Бұйрыққа сәйкес, оқу жылы 1 қыркүйектен бастап 34 аптаға созылады ( 1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады) НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik.

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалатынын айтты. 2020 жылдың 13 тамызындағы бұйрыққа сәйкес, мынадай мерзімдер анықталған:

2020-2021 оқу жылының басталуы - 1 қыркүйек 2020 жыл; 1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады, 2-11 (12) сыныптар - 34 апта.

Оқу жылының демалыс кестесі: 1-11 (12) сыныптар: күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша (қоса есептегенде) 2020 жыл ), қысқы – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл);

1-сыныптарда: қосымша демалыс – 7 күн (8-14 ақпан 2021 жыл). Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға қарамастан, оқушылардың демалысы өзгеріссіз қалатынын айтқан еді.

"Қашықтан оқуға қарамастан, балалар қатты шаршайды. Сондықтан каникул кестесі өзгертілмейді", - деді министр.

1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқитын болады. Бастауыш сынып оқушылары үшін мектепте кезекші класс қарастырылған.

Дереккөз: inform.kz 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521