Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жұмыспен қамту 2021 жол картасы: 221 атыраулық жұмыспен қамтылған

Белгіленген  жобалар бойынша 493 жаңа жұмыс орны ашылады. Онда 221 атыраулық тұрақты жұмыспен қамтылса, қалған 272-сі  құрылыс кезеңіндегі еңбекке араласады деп күтілуде – деп, хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Күні бүгінде 6 жобаның құрылысы басталып, 133 адам жұмыспен қамтылды.

" Аталған жоба бойынша Атыраудағы Балауса ықшам ауданынан 600 орындық мектеп құрылыс- жұмыстары басталады. Осыған байланысты жобаға қажетті мамандар бойынша сұраныс Жұмыспен қамту орталығына жолданып, іріктеу жұмыстары жүргізілуде"  делінген  Атырау  облысы жұмыспен қамту басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін Жұмыспен қамту жол картасы бойынша бөлінген қаржының 34,7 %-ы игерілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521