Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 283-1-бабының 5-бөлігі бойынша дара кәсіпкер Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Салықтық тақырыптық тексеріс барысында Махамбет ауданында орналасқан дара кәсіпкерге тиесілі дүкенде тиісті ілеспе жүкқұжаттарсыз 3 756 400 теңгенің түрлі алкоголь өнімдері сақталғаны анықталды. Бұл туралы Атырау облысы Махамбет аудандық соты мәлім етті.
Сотпен дара кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған алкоголь өнімдері тәркілене отырып, қысқартылған тәртіпте 129 220 теңге әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.