Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы 2 қыркүйектегі кезекті Қазақстан халқына Жолдауында Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құру мемлекеттің басты талабы екенін жеткізген болатын.
«Біздің қоғамда заң мен тәртіп үстемдік қүруға тиіс. Бұл бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз»,- деді Ел Президенті.
Осы орайда барлық құқық қорғау органдары, одан бөлек мемлекеттік қызметкерлер мен түрлі сала мамандары, жалпы Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Конституциямыздың қатаң сақталуын басты назарда ұстанып, әділ шешімдер қабылдауы қажет. Сонда ғана қарапайым халықтың билікке деген сенімі нығаятын болады. Сонда ғана біз Әділетті, таза әрі Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз.
Ботакөз Асхатқызы