Әрбір көлік тізгінін қолына алған көлік жүргізуші өзінің ғана емес, басқа да жол жүруге қатысушы адамдардың өміріне жауапты екенін сезінуі тиіс.
Алайда, алкагольдік ішімдікке сылқиа тойып алып, көлік тізгінін басқаратын жүргізушілер саны азаймай отыр. Осы орайда, Қызылқоға аудандық сотының фейсбук парақшасының хабарлауынша, ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігіне сай азамат А.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралған. Сотта анықталғандай, азамат А.Б. автокөлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, алкагольдік масаң күйінде көлік басқарған.
Сот отырысында А.Б. кінәсін мойындап, көлікті ішімдік ішкен күйде басқарғанын айтып, жеңіл жаза беруді сұраған. Сот қаулысымен, құқықбұзушы А.Б. ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.