Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалықтарды праймеризге қатысуға шақырамын!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын қайта жаңғырту бағдарламасы, лайықты жалғасын тауып келеді.

Соның айқын дәлелі ретінде "Nur Otan" партиясында елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа форматтағы ішкі іріктеу – праймеризге қатысушыларды тіркеу ағымдағы жылдың 17 тамызынан басталып, күні бүгінге 6 үміткер тіркелді. Тіркеу уақыты 28 тамызға дейін жалғасатын болады.

Праймериздің басталуына орай, Үндеуінде «Бүкіл еліміз бойынша ауқымды праймериз өткізу биліктегі партияның «қайта жаңғыруының» нәтижесі болады», деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Жаңа формат деуіміздің себебі бұған дейін мұндай партиялық іріктеу елімізде болмаған еді. Осылайша халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын партия белсенділерін ашық таңдаудың бұл тәсілі еліміздің бастауыш партиясына тың серпін береді деген сенім пайда болды.

Қарапайым тілмен айтатын болсақ, праймериз дегеніміз – партияның әр өңірде өткізетін ішкі сайлауы дегенге саяды. Оның негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді көшбасшыларды анықтау. Яғни праймериз арқылы партияның бел шеше іске кірісетін белсенді мүшелері мен көшбасшылары айқындалатын болады. Нәтижесінде, мұндай тиімді тетік, қарымды қадам арқылы партияның ел алдындағы пәрмені артып, халықтың сенімі нығая түседі деген сөз.

Құрметті жерлестер, аудан тұрғындары, 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өтетін партия ішілік іріктеу саяси науқанын, ауданымызда кандидаттарды тіркеу жұмыстарын қарқынды түрде бастаған болатын. Бұл саяси додада ел сенімін арқалар, нағыз көшбасшылыққа лайықты азаматтар мен азаматшалардың таңдалатынына мен кәміл сенемін. Ендеше ауданымыздың даму жолында аянбай еңбек ететін белсенді азаматтарды партия ішілік іріктеу - Праймеризге қатысуға шақырамын.

 Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ

"Nur Otan" партиясы Қызылқоға аудандық филиалының төрағасы,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521