Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық қос отбасы жүлдегер атанды

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру және парасатты, қайырымды отбасыны анықтау мақсатында «Парасатты отбасы» онлайн байқауын ұйымдастырды.

Байқау шартына сәйкес әр отбасы мүшелері парасатты отбасы құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой пікірлерін, өз отбасындағы ұстаным туралы бейнероликтерді әлеуметтік желілерде жариялап, әрбір қатысушыдан келген бейнероликтер қазылар алқасымен жеке-жеке сарапқа салынды.

Байқаудың тағы бір ерекшелігі былтырғы жылы 13 отбасы байқауға өтініш білдірсе, биыл олардың саны 25-ке жетті. Байқауда үздік шыққан отбасыларды марапаттау рәсімі 18 қараша күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өтті. Байқау қорытындысына сай бірінші орынды Бөкеновтер отбасы (Жылыой ауданы) жеңіп алса, екінші орынды Төлеуовтер (Жылыой) мен Ғафуриновтар (Қызылқоға ауданы) отбасылары иеленді. Сондай-ақ, жүлделі үшінші орынға Қарабаллиндар (Исатай ауданы) мен Берегеновтер отбасы (Қызылқоға ауданы) ие болды. Бұдан бөлек аталмыш байқауда «Өнегелі отбасы» номинациясымен Құрманғазиевтер отбасы (Индер ауданы), «Шебер отбасы» номинациясымен Мендешевтер отбасы (Индер ауданы), «Ынтымақты отбасы» номинациясымен Талғатовтар отбасы (Махамбет ауданы) марапатталды.

Барлық марапатталушыларға дипломдар мен гүл шоқтары және естелік сыйлықтар табыс етілді. Осы орайда, ауданның намысын қорғап, жүлделі екінші орынға ие болған тасшағылдық Ғафуриновтар мен үшінші орынды жеңіп алған кенбайлық Берегеновтар отбасын жеңістерімен құттықтаймыз.

Д.МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521