Бұған дейін де Жангелдин ауылдық округіне қарасты Кенен қыстағы маңындағы қорғандарға археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында аталмыш қыстақ маңындағы «Мосағаш» деген жердегі обалардың бірінен темір сауытты жауынгердің қабірі табылды. Жағымды жаңалықты естіген соң аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуовпен бірге барып, қазылған обаларды аралап, табылған жәдігерлермен таныстық.
Бізді қарсы алған Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысы Рашида Харипова:
– Осыдан үш жыл бұрын Миялы қорғандарына жүргізілген алғашқы қазба жұмыстарында табылған «Алтын әйел» бейнесі бүгінгі күні барлық зерттеулерден өткізіліп, сарматтар кезеңі екені дәлелденді. Оған қазір реконструкция жасалуда. Күз айларының бірінде облыстық музейден орын алады деп күтілуде. Ал, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өткен жылы бекітілген жоспарына сай Миялы қорғандарындағы үш қорғанға қазба жұмыстары жүргізіліп отыр. Жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тоналмаған жауынгердің қабірі және басқа да жәдігерлер табылды. Бұл б.э.д., ІІ ғасырға жататын сармат қабірі. Қабірді ашу үшін облыстық тарихи өлкетану музейіне жіберілді, - деп құнды ақпаратпен бөлісті.
Толығырақ газеттің №29 санынан оқи аласыздар