Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғадан 560 құнды жəдігер табылды

Атыраулық археологтар Қызылқоға ауданындағы қорғандарға жүргізген қазба жұмыстарынан олжалы оралды.

Бір ай бойы жүргізілген археологиялық жұмыстар нәтижесінде 500-ден астам тарихи жәдігер табылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен қазба жұмыстары үш қорғанға жүргізілген. Олар аудан ортылығы Миялыдан 6 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Жұмысқа студенттермен қатар жергілікті жұмыссыз ауыл жастары да тартылған.

Қазба жұмыстарының ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Марат ҚАСЕНОВТЫҢ айтуынша, табылған жәдігерлер б.э.д 2 ғ.- б.э.д 11 ғасыр аралығында Солтүстік Каспий маңын мекендеген тайпаларға тиесілі. Атап айтқанда, жүзге жуық сары түсті метал жапсырмалары (алтын), 82 күміс бұйымдар, ат әбзелдері, құмыралар, қанжар, садақ ұштары. Ең үлкен олжа - тұтастай бұзылмаған сауыт. Жәдігерлер зертханадан өтіп, ғылыми сипаттамасы жазылған соң аудандық және облыстық музейлерде қойылады.

Енді археологтар Азғыр өңіріндегі Асан елді мекені маңындағы Құдайберген қорымын қазуға кетті.

Дереккөз: azh.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT