Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада жаңа прокурор

Дүйсенбі күні ауданда жаңа прокурор тағайындалды. Осыған орай, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында арнайы жиын өтіп, аудан активіне құзырлы органның жаңа басшысын облыс прокурорының орынбасары Бауыржан Жұмақанов таныстырды.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2020 жылғы 12 қарашадағы бұйрығымен Қызылқоға ауданының прокуроры лауазымына кіші әділет кеңесшісі Досбол Бағытжанов тағайындалды. Индер ауданы Кулагино селосында (қазіргі Есбол) 1981 жылы дүниеге келген ол орта мектепті бітірген соң Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түседі.

Еңбек жолын 2006 жылы Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі болып бастап, одан әрі Атырау қалалық прокуратурасында бөлім бастығы, Мақат ауданы, Атырау қаласы және Жылыой ауданы прокурорының орынбасары лауазымын атқарды. Жиын барысында ауданның жаңа прокуроры Досбол Бағытжанұлын қызметімен құттықтаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Айдулат Кенжебеков бұл саланың маңыздылығына тоқталып, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, бұған дейін аудан прокурорының лауазымын атқарған Бақтияр Кеулімжайға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ, жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин құттықтау сөз сөйледі.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521