Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қызылқоғадағы қайырымдылық эстафетасы

Еріктілер жылына орай Миялы ауылының 1983 жылы туған азаматтары мен «Иман жастары» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қадірлі іс» атты эстафета бастау алды.

Мақсат – тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға қамқорлық жасап, осы бір игі істі өзгелерге эстафета түрінде жолдау. Шара барысында Миялы ауылындағы 20 отбасыға азық-түлік, киім-кешек таратылып, мұқтаждарға көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жұма күні ұйымдастырушылар «Керуен» сауда орталығында дәстүр бойынша тегін нан өнімдерін таратты.

Шара соңында қайырымдылық эстафетасы ауылдың 1984 жылы туған азаматтарына жолданды.

Дулат БЕРІКҰЛЫ 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT