Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Бұған дейін 28 жастағы қызылқоғалық әйел адамнан инфекция табылғаны расталған болатын. Бірақ, ол вирус жұқтырған уақыттан кейін Қызылқоға ауданына бармаған болып шықты.
Десе де, қызылқоғалық тұрғынның Атырауда жүріп қандай жағдайда вирус жұқтырғаны ашық айтылған жоқ. Еске сала кетелік, бұған дейін коронавирус инфекциясының Қызылқоға ауданы тұрғынынан табылғанын хабарлаған едік.
28 жастағы қызылқоғалық әйел адам тұмау белгілерімен Атырау облыстық ауруханасының көмегіне жүгінген болатын. Қазіргі таңда қызылқоғалық науқаспен тығыз қарым-қатынас жасаған екі әйел адамнан вирус табылды. Оның бірі медбике, бірі облыстық ауруханадағы емделуші пациент.
Atr.kz