Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада дезинфекциялық жұмыстар қалай жүруде?

Аудандық мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің басшысы Қуанай Ізмағамбетовтің мәліметіне сүйенер болсақ, төтенше жағдай жарияланғаннан бері ауданның барлық ауылдық округінде қауіптің алдын алу мақсатында, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

indeksss

Айталық, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, Сағыз ауылының Бейбарыс, Ә.Әшіров, А.Керей, Ә.Төлепов көшелері, «Қазпошта» аудандық торабының Сағыз бөлімшесі, теміржол вокзалы және халық көп шоғырланатын сауда нысандарына барлығы 6 тонна дихлорин қоспасы шашылып, төрт шақырым жер залалсыздандырылды.

Сондай-ақ, Мұқыр ауылындағы ең үлкен төрт көше мен үш ойын алаңы және уақытша карантинге жабылған бес үйдің айналасына да залалсыздандыру жұмысы жүргізілді. Бұдан бөлек, Жангелдин, Ойыл, Жамбыл, Тасшағыл, Тайсойған ауылдық округтерінің де көшелері мен мекемелеріне залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521