Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ АНЫҚТАМА ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ?

Ветеринариялық анықтама - жануардың ветеринариялық паспортының және жеке нөмірінің, ветеринариялық қарап тексеру нәтижелерінің бар болуы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы эпизоотиялық ахуал, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы немесе одан үзіндідегі жануарлар туралы мәліметтер, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) бақылау объектілерінің республика аумағы бойынша орнын ауыстырған кезде) негізінде жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа берілетін міндетті құжат.

Ол Қазақстан Республикасы аумағында жарамды және міндетті түрде барлық жолдарын толтыра отырып беріліп, межелі пунктіне келген кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, в орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті межелі пунктіне келген күннен бастап бір тәулік ішінде ақпараттық жүйеге енгізіледі. Жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа берілген ветеринариялық анықтама межелі пунктіне дейін, жануардан алынған сүтке берілген анықтама сол сәттен бастап бір ай ішінде жарамды. Егер жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шыққан жерінің эпизоотиялық ахуалы өзгерген жағдайда бұрын берілген ветеринариялық анықтама алып қойылады. Жануардың және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, (тасымалдауды) жүзеге асыратын өтініш беруші жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманына (бұдан әрі – ветеринария саласындағы маман) нысан бойынша өтінішпен жүгінеді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша ветеринариялық анықтама өтініш беруші жұмыс күндері ғана ала алады. Ал, жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық анықтаманы Заңның 8-бабы 46-8) тармақшасына сәйкес бекітілетін тәртіппен ветеринариялық пунктінің ветеринариялық дәрігері береді.

Ветеринария саласындағы маман, ветеринариялық дәрігер жануарды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап тексергеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасындағы немесе одан үзіндідегі жануарлар туралы мәліметтер, ветеринариялық паспорт, сондай-ақ аумақтың өтіну сәтіндегі эпизоотиялық ахуалын бағалау негізінде мөрімен және қолымен расталған ветеринариялық анықтаманы береді. Ветеринариялық дәрігер өтініш берушіге жүгінген күні: өтініш берушінің ветеринариялық анықтама алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтап, ветеринариялық анықтама алу үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда ветеринариялық анықтама беруден жазбаша дәлелді ттүрде бас тарта алады. Ондай жағдайлар туындаған кезде ветеринариялық дәрігер ветеринариялық анықтама бермейді. Ет және ет өнімдеріне (қосымша өнімдер) ветеринариялық анықтама Заңның 8-бабы 9) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен қойылған ветеринариялық таңба немесе мөртабан белгісі болған кезде беріледі.

Төлеубай ТАПАЕВ,

аудандық ветеринариялық стансасы кәсіпорнының бас маманы

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521