Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Вагон қараушылардың қажырлы еңбегі

Экономиканың күре тамыры саналатын теміржол саласында жолаушылар мен жүк тасымалдауды қамтамасыз етуші мекемелер үшін қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы – басты шарт.

Бұл тәртіп Атырау вагон пайдалану депосына қарасты Сағыз техникалық бақылау пунктінің жұмысшылары үшін бірінші орынға қойылған. Олар Сағыз стансасының үстімен өтетін жолаушы және жүк пойыздарын қатаң бақылап, ақауды дер кезінде анықтап, теміржолдағы қауіпсіздікті сақтауға үлкен үлес қосуда.

Вагон қараушылар пойыздарға техникалық қызмет көрсету кезінде доңғалақ жұбын, арбашықтардың құймалы бөлшектерін аса қырағылықпен тексеріп, өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарады. Егер де вагон қараушылар қырағылық танытпаса вагон доңғалағының ақаулығы пойыздың қозғалыс қауіпсіздігіне аса үлкен қауіп туғызады. Яғни, ақаулықтың салдарынан көптеген жағдайларда жылжымалы құрамның рельстен шығып кетіп, темір жол мүліктерінің бүлінуіне әкеліп соқтырады.

Бұл ретте, өздерінің кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде көрсете білген Сағыз теміржол техникалық бақылау пунктінің вагон қараушылары Амангелді Жолдасов, Анарбек Рахметов, Асылбек Атшыбаев, Бауыржан Ұғыбаев, Жұмат Дүйіш, Жанболат Досмағанбетов, Наурызбек Қалиевтар «Қозғалыс қауiпсiздiгi үшiн» төсбелгiсімен марапатталса, пункт басшысы Балсабиев Бағытжан «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ Басқарма төрағасының алғыс хатын иеленді.

Ендеше, жол қауіпсіздігінің алдын алуда қажырлы істерімен көзге түсіп, жоғары марапатқа ие болған сағыздық вагон қараушыларға алға қарай да өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, табысты еңбек жолын жалғастыруларын тілейміз.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT