"Air Astana" әуе компаниясы қазіргі уақытта қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялауға дайындалып жатыр.
Әуе компаниясының хабарлауынша , қазақстандықтарды Польшаның Катовице қаласынан Атырауға арнайы рейспен жеткізу жоспарлануда.
Катовице қаласынан ұшу рейсі 26 ақпан жергілікті уақытпен 02:00 -ге жоспарланған.
Қазақстандықтар трансфер мәселесі бойынша 25 ақпанда Львов қаласындағы Замкнен көшесі 3/1 мекенжайындағы ҚР Құрметті консулдығына жиналуы қажет.
Байланыс телефондары: +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.
"Эйр Астана": +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.