Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Учаскелердің ешқайсысында тәртіп бұзылған жоқ

ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ референдум өткізу барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ведомстволардың өкілдері хабарлады.

ҚР Қоғамдық мүддерлерді қорғау қызметінің басқарма бастығы Бекжан Қараманов атап өткендей, прокуратура органдары республикалық референдумды дайындау және өткізу барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті. Оның айтуынша, дауыс беру күні жалпы 2 бұзушылық анықталды, олар заңсыз сауалнама мен заңсыз үгіт-насихат фактілеріне қатысты. Барлық жағдайда азаматтар өз кінәсін мойындап, оларға әкімшілік айыппұл салынды.

«Осы сағатта прокуратура органдарына 3 жолданым келіп түсті. Онда азаматтар дауыс беру процесі мен учаскелік референдум комиссияларының атауларын қозғаған. Осыған байланысты прокурорлар барлық жолданымдарды құзыреті бойынша аумақтық референдум комиссияларына жолдады. Сот органдарына талап арыздар түскен жоқ», - деді спикеер.

ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жалғастырып жатқанын атап өтті.

«Ішкі істер органдары қойылған міндеттерді тиісті деңгейде орындап шыққанын атап өтуге болады. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда, сондай-ақ байқаушылардың қауіпсіз жұмысы және азаматтардың референдумға еркін қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Референдумның 10 мың учаскесінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Қазіргі уақытта дауыстарды санау жалғасуда, референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.

Оның айтуынша, дауыстарды санау аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері аумақтық референдум комиссияларына бюллетеньдер мен хаттамаларды жеткізуді сүйемелдейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521