Ойыл ауылдық округіндегі 147 сайлау учаскесіне өз аяғымен 85 жастағы тыл ардагері Құлым Иманбаев келіп өз таңдауын жасады.
“Адам ұрпағымен мың жасайтыны рас. Жер бетінде сол ұрпақтың бейбіт өмір сүруін тілемейтін пенде жоқ шығар. Бүгін тарихи күн. Сол тарихи күнде өз таңдауымды жасау үшін сайлау учаскесіне келдім. Әрдайым, болашағымыз жарқын болсын” дейді тыл ардагері.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА