Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК ҮШ КҮН ІШІНДЕ РӘСІМДЕЛУІ ТИІС

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2016 жылдың 16 маусымындағы №451 бұйрығында «Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті тіркеуші органға, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жазбаша немесе электронды түрде ата-аналары, басқа мүдделі тұлғалары оның туылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді, ал бала өлі туған жағдайда босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтініш береді»-деп көрсетілген.

Мемлекетттік қызмет көрсету мерзімдері мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 2 жұмыс күнінде көрсетілсе, бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет 7 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Және қосымша ата-анасының түсініктемесі, көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырылған сенімхат ұсынылады.

Сондықтан, дүниеге келген балаларды үш күннің ішінде құжаттандыру қажет. Ал, тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.

Сәнімгүл ЖҰБАЕВА,

аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT