Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Төл газетіміз төрімізде болсын!

«Айшықты алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған» дегендей, қазір әлеуметтік желінің дамып, секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Сағат сайын өзгерген уақыт барлық саланың алдына жаңа міндеттер мен тың талаптар қоюда.

Әрине, әлеуметтік желінің де өз пайдасы бар. Халықты тез ақпараттандыру жағынан оның орны бөлек. Десе де, жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап, халықты адастырып жатқанын да көріп жүрміз.

Осы орайда, халық пен билік арасын жалғайтын алтын көпір болып, нақты мәлімет жеткізетін газет екендігі анық. Әркез газет халықтың көкейіндегіні сараптап, жан-жақты талдап, тереңірек түсіндіреді. Демек, «Газеттің өзі бір күндік болғанымен, сөзі мың күндік» деген сөз содан қалса керек. Бұл ретте баспасөз барлық сауаты бар жастағы және барлық санаттағы оқырманға арналғандықтан халықтың көкейіндегісін дөп басатын тәрбие құралы екендігі сөзсіз. Қай қоғамда да болмасын оның мақсаты – елдік, ұлттық мүдде. Яғни, елдегі жаңалықтарды қамти отырып, мүмкіндігінше «қарлығаштың қанатымен су сепкендей» оқырманның рухани дами түсуіне сүбелі үлес қосады.
Қазіргі кезде ұялы телефонға телмірген кішкентай балалардың сана-сезімі, ой-өрісі  жатық тілмен жазылған газет-журнал, кітаптар оқу арқылы дамитыны ақиқат. Осы мәселе бүгінгі таңда ең өзекті болып тұр. Мемлекеттік тілдің өркендеуі де, өсуі де бала тілінің қалыптасуына байланысты. «Біз газет-журналға жазылу керек болған соң жазыламыз, бірақ оқымаймыз, әйтеуір келіп жатады» деген пікірлерді де естіп жатамын. Бұл әрине, дұрыс емес. Ұлттық рухымызды көтергіміз келсе, газет-журналдарымызға жазылып, оқығанымыз абзал. Сөйтіп, жас ұрпаққа үлгі болайық! Жас ұрпақтың рухани кемелденуіне үлес қосайық! 
Аудан тұрғындары үшін мерзімді басылымдардың ішінде аудандық «Қызылқоға» газетінің орны бөлек. Себебі, ол ауданның тыныс-тіршілігімен таныстыра отырып, рухани азық боларлық дүниелерді сыйлайды. Сондықтан қала және ауыл тұрғындарын төл газетіміз «Қызылқоға» газетіне жазылуға шақырамын!

Айзада ДОСҚАЛИ,
Миялы өнер мектебі 
Бейнелеу және қолөнер пәнінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT