Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қ.Тоқаев: "Отандастарымыздың алаңдаушылығы орынды"

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

Президент бұл жазбасында:

«Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті Көбейтұз көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды. Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек», – деді Президент.

Бұған дейін Көбейтұздың жағасына көлікпен кірген азаматтың әрекеті желіде қызу талқыланып, оған полиция іздеу салғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай Көбейтұз көліне көлікпен кірген адам ұсталды.

Дереккөз:  24.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521