Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірде өткен тәулікте 56 адам сауығып шықты

Соңғы тәуліктегі мәлімет бойынша, Атырау облысында коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны азайды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Вирус жұқтырғандар арасында Атырау қаласынан 21 науқас бар. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 5 науқас анықталды. Облыс аудандарында да жұқтырғандар саны азайды.

Соңғы тәулікте Жылыой ауданының 2, Исатай ауданының 3 тұрғынында Covid-19 расталды, ал, Қызылқоға, Махамбет және Мақат аудандарында бір оқиғадан. Коронавирустық инфекциясы бар 14 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 56 адам сауығып шықты.

Қазіргі уақытта 750 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 164, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында – 80, аудандық инфекциялық стационарларда – 104 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 139 науқас емделуде.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта қалып отыр.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз