Өтініштерді жаңаша қарау тəртібі түсіндірілді

«Бүгін ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова бастаған ақпараттық-түсіндіру тобы Атырауда тұрғындардан түскен өтініштерді қарау тәртібін түсіндірді»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбековтің төрағалығымен өткен жиынға әкімдіктегі жауапты сала мамандары, департаменттер, құқық қорғау органдары, басқарма және тиісті мекеме басшылары, аудан әкімдері, сондай-ақ селекторлық режимде ауылдық округ әкімдері қатысты.

Серік Айдарбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «халық үніне құлақ асатын мемелекет» тұжырымдамасының маңыздылығын атап өтті. Сосын осы жылдың 1-шілдесінде күшіне енетін ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес, өтініштерді қарауды жетілдіру мақсатында жаңа форматқа көшу үшін істеліп жатқан жұмыстарды баяндады. «Қазіргі таңда Атырау қаласы мен барлық аудандарда сервистік әкімдік жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, кодекс талаптарын түсіндіру бойынша барлық мемлекеттік қызметшілер оқудан өтіп, тиісті сертификаттарын алды. «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 213 мемлекеттік мекеме қосылып, өтініштерді өңдеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Жалпы азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында қабылданған реформалардың маңыздылығын ескере отырып, алдағы уақытта бұл жұмыстар әкімдіктің тікелей бақылауында болады»,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Серік Айдарбековтің айтуынша, тұрғындардан келіп түскен өзекті мәселелер негізінен жер және тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері бойынша тіркелген. Ал, өз кезегінде ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сай өтініштерді жаңаша қарау тәртібін жан-жақты түсіндірді.

«Бірінші тоқсанда Президент Әкімшілігіне 449 мыңнан астам арыз келіп түскен. Мұның ішінде 50 пайызы жергілікті атқарушы органның үлесіне тиесілі»,-деген Т.Дүйсенова кодекс талаптарына сай, бұрын арыз 30 күн ішінде қаралатын болса, енді 15 күнде қаралатынын және әр түскен арызға әкімшілік іс ашылатынын жеткізді.

Айта кету керек, облыста жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдарға 16 мыңға жуық өтініш түссе, олардың 20 пайызы қанағаттандырылып, қалғанына заңға сәйкес түсініктеме берілген.

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика