Тұтас әлемде қалыптасқан күрделі жағдайға орай елімізде де карантиндік режим енгізіліп, көптеген кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатып жатқаны белгілі.
Соған орай, «Теңіз» кен орынында да ірі компаниялар жұмысшыларын таратуға мәжбүр. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Жақсиевтен білгеніміздей 10-27 сәуір аралығында «Теңіз» кен орынынан ауданымызға барлығы 135 адам келіп, барлығы медициналық тексерістен өтіп, үй карантиніне жатқызылған.
Күні бүгінде 23 адамның карантиндік мерзімі аяқталса, қалған 112 адам әлі де болса өз үйлерінде бақылауда. Осындай ақпаратпен бөліскен бөлім басшысы алдағы уақытта кен орынынан тағы да бірнеше жұмысшы келетіндігін, барлығы да бақылауға алынып, үй карантиніне жатқызылатындығын тілге тиек етті.
Дулат БЕРІК
Сурет: ашық дереккөзден